20:01, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Жезді мұражайында «Түркістан - рухани астана» көрмесі ашылды
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазған (Қарағанды облысы) маңындағы Жезді кентінің кен және балқыту тарихы мұражайында «Түркістан - рухани астана» көрмесі ашылды,
деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасы.
Көрме кешені бес бөлімнен тұрады. Мұнда IV - V - XIV - XVIII ғасырлардағы археологиялық жәдігерлер, Қожа-Ахмет Ясауидың кітаптары, Түркістан аумағынан табылған шақалар, осы қаланың тарихын баяндайтын материалдар, сондай-ақ Түркістанның бұрынғы және қазіргі келбетін бейнелейтін фотосуреттер қойылған.
Кен және балқыту іс тарихы мұражайындағы көрменің ашылуынан кейін Қазақстанның тарихи орындарының бірі - Бетпақдаладан табылған петроглифтарға (тасқа салынған суреттер) арналған форум өтті.