Жезқазған ауасының ластану деңгейі өте жоғары – экологиялық мониторинг

АСТАНА. ҚазАқпарат – Экологиялық мониторинг нәтижесі бойынша Жезқазған қаласы ауасының ластану деңгейі өте жоғары деп танылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жезқазған ауасының ластану деңгейі өте жоғары – экологиялық мониторинг

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында облыстағы экологиялық ахуалға қатысты көптеген мәселелер талқыланды.

Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша Жезқазған қаласының ластану деңгейі атмосфералық ауадағы күкіртсутектің, күкірт диоксидінің, фенолдың, көміртегі оксидінің асып кетуінің анықталуына байланысты жоғары деп сипатталады.

«Ластанудың жоғары деңгейі бірқатар ірі кәсіпорындардың ескірген түтін газын тазарту жүйелерінің жұмысына байланысты»,-делінген хабарламада.

Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ұлытау облысына ел бойынша 900 мың тоннадан ластаушы заттар шығарындыларының шамамен 82,0 мың тоннасы келеді, бұл ұқсас кезеңнен (53,3 мың тонна) 20% - ға жоғары. Шығарындылардың өсу себептері «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС жұмысын қайта бастау болып табылады (2021 жылы өрт салдарынан зауыт жұмысын ішінара тоқтата тұру).

Аймақтың негізгі экологиялық проблемаларына мыналар жатады:

- Жезқазған мыс балқыту зауытындағы қолданыстағы Шаң-газ тазарту жабдығының қанағаттанарлықсыз жай-күйі, ол қатты тозу себебінен қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді;

- бірқатар көрсеткіштер бойынша кәріз тазарту жұмыстарының тиімсіздігінен Қара-Кеңгір өзенінің ластанып, жабдықтың тозуы 80% дан асады;

- қалдықтарды басқарудың жетілмеген жүйесі және т.б.

Осыған байланысты, Ұлытау облысының әкімдігіне тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша бағдарлама әзірлеп, инвестиция тарту ұсынылды. Сонымен қатар, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша орта және шағын бизнесті тарту, сондай-ақ рұқсат етілмеген полигондарды қалыптастыру және жою мәселесін шешу бойынша шаралар кешенін әзірлеу қажет.

Айта кету керек, халықты толғандыратын мәселелердің бірі бірқатар аумақтарды экологиялық апат аймағына жатқызу болып табылады. Осыған сүйене отырып, жергілікті деңгейде арнайы комиссия құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың өкілдері кірді, оның шеңберінде онкологиялық аурулардың өсу себептерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметінен әсер ету жағдайын дұрыс бағалау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі бөлігінде Комиссияның бұрын берілген ұсынымы орындалатын болады.

Фото: gov.kz