Жезқазған аймағы республиканың базалық салалары орналасқандықтан айрықша мәнге ие

ҚАРАҒАНДЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазған аймағы мұнда тек Қарағанды облысының ғана емес, республиканың да базалық салалары орналасқандықтан айрықша мәнге ие.
None
None

Бұл жөнінде Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов Жезқазған аймағы бойынша жұмыс сапарының қорытындыларын шығару кезінде айтты. Сапар барысында ол «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндірістік кәсіпорындарында және әлеуметтік нысандарында болды.

 С.Ахметов Жезқазған жылу электр орталығын да аралады. «Биылғы жылы жылу беру маусымына даярлық кезінде жылу электр орталығын жөндеуге 1,6 миллиард теңге бөлінді»,  деп хабарлады «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма бастығы Владимир Огай.

 Облыс әкімі Сәтбаев қаласындағы жерасты оқу-жаттығу полигонында және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС әдістемелік орталығында болды.

 С.Ахметов Сәтбаев қаласында - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС спорттық-сауықтыру кешенін, Жезқазғанда  «Ұлытау» спорт сарайын және медициналық орталықты көрді. Сонымен қатар, облыс әкімі Жезқазған мыс балқыту комбинатында, сондай-ақ «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында болды.

Соңғы жаңалықтар