Жезқазған қаласы әкімінің кеңесшісіне ауылдағы оған тиесілі үйді декларацияда көрсетпегені үшін айыппұл салынды

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазған қаласы әкімінің кеңесшісі С.Рахметов Теректі ауылындағы оған тиесілі үйді 2008 жылғы декларацияда көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жезқазған қаласы әкімінің кеңесшісіне ауылдағы оған тиесілі үйді декларацияда көрсетпегені үшін айыппұл салынды

 Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне Жезқазғанның прокуроры Ғарифолла Айрамбаев хабарлады.

Қала прокурорының сөзі бойынша сот қаулысымен Жезқазған қаласы әкімінің кеңесшісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 532-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 50 айлық есептік көрсеткіш (63 650 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған. «Сот қаулысы заңды күшіне енді», - деді Ғ.Айрамбаев.