08:50, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жезқазған қаласында «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде жұмысшы мерт болды
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласында «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде бір жұмысшы мерт болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
Мәлім болғандай, қыркүйектің 27-сі күні таңертеңгі сағат 05.45-те бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында 26 жастағы азаматты топырақ басып қалып, ол оқиға орнында қаза болған.