Жезқазған маңындағы жол шетінен қауіпті медициналық қалдықтары бар 15 қорап табылды

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында Жезқазған қаласынан 25-26 шақырым жерде «Қызылорда-Павлодар» автожолының бойына шашылып тасталған пайдаланылған шприцтер,

Жезқазған маңындағы жол шетінен  қауіпті медициналық қалдықтары бар 15 қорап табылды

система мен ампулалар бар 15 картон қорап табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы хабарлады.

«Б» класты маркаланған бес қорап - аса қауіпті медициналық қалдықтар қатарына жатады, жеті қорап «В» класты, олар төтенше деңгейдегі қауіпті медициналық қалдықтар. Үш қорап мемлекеттік санитарлық қадағалау органының зертханасына жіберілді», - деп атап өтілген хабарламада.