ЖЕЗҚАЗҒАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ҚҰРУ ҚАЖЕТ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім», - деді Мемлекет басшысы.

Президент кең байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше екенін баса айтты.

«Ел тағдыры шешілген ұлы жиындар осында өткен. Сарыарқаның төрінде орналасқан бұл аймақтың туристік әлеуеті өте зор. Оның өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пайдалану керек. Бір сөзбен айтқанда біз Ұлытау аймағының дамуына жол ашамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар