Жезқазған-Сәтбаев жолында бір адам қаза болып, жетеуі зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазған-Сәтбаев автожолында жол-көлік апаты салдарынан бір адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

Жезқазған-Сәтбаев жолында бір адам қаза болып, жетеуі зардап шекті

«Сәтбаев қаласына бет алған Toyota Camri көлігінің 23 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы жолда келе жатқан  Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mitsubishi Galant-тың 39 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі көлікте болған жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол қозғалысы немесе жол-көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

null