Жезқазған тұрғындары жарықсыз және сусыз қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ЖЭО орын алған апаттыө жағдайдың салдарынан Жезқазған қаласы электр қуаты және сусыз қалды. Бұл туралы жергілікті әкімдік Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазған тұрғындары жарықсыз және сусыз қалды

ЖЭО-дағы апаттық жағдай бүгін таңертең сағат 7.30-де болған. Осыған байланысты қалада толығымен электр және сумен қамтамасыз ету жүйесі өшірілді.

«Сағат 10.20-да Жезқазған қаласына электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Су қысымын қалпына келтіру жүріп жатыр. Кейбір пәтерлерде су бар. Жақын арада мәселе толығымен шешіледі», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жезқазған ЖЭО-да осыған дейін де ақаулар болған. Өткен 2019 жылы апат салдарынан қала жылу, электр және сусыз қалып қойған.