Жезқазғанда 41 жастағы әйел суға батып кетті
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазғанда құтқарушылар қала маңындағы су қоймасынан 41 жастағы әйелдің денесін алып шықты. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға кеше 19 шілдеде Кеңгір су қоймасында болған.
«Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Кеңгір су қоймасына ТЖД күшімен 1981 жылы туған әйелдің денесі судан шығарылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір әйелдің өлімінің мән-жайы анықталып жатыр.
Құтқарушылардың мәліметінше, осы шомылу маусымында суға кеткендердің саны 12 адамға жетті, оның ішінде бесеуі - жасөспірімдер.
Ұлытау облысында бұған дейін суға батып кеткен екі қыздың денесі табылған болатын.
Олар Ақтау ауылынан 20 шақырым жердегі су қоймасынан табылды. Мектеп оқушылары 10 және 12 жаста еді.
Бірінші қыздың денесін балықшы, екіншісін құтқарушылар тапқаны хабарланған болатын.