Жезқазғанда арзан бағалы көкөністер сатылатын әлеуметтік павильондар ашылды

ҚАРАҒАНДЫ.  Қазанның  17-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазғанда   әлеуметтік павильондар  ашылды,  ол  жерлерде     жеміс-көкөніс  өнімдері  төмендетілген бағамен сатылады.

Жезқазғанда   арзан бағалы көкөністер сатылатын  әлеуметтік павильондар  ашылды

Халықты әлеуметтік  қолдаудың  бұл тәжірибесі   облыс орталығынан  алынып  отыр.  «Тұрғындар көкөніс  сатылатын  әлеуметтік  павильондардан   базар бағасынан 20 пайызға арзан   жеміс-көкөніс  өнімдерін  сатып  ала алады.     Павильондарға  қойылған   өнімдердің барлығын қарағандылық «Агроконсалтинг»  фирмасы  жеткізіп  отыр.  Ал   қор  болуы  үшін,  Жезқазғанда   сыйымдылығы  200 тонналық    көкөніс   қоймасы салынды.    Бұл бастама    көкөніс  пен  жеміс бағаларының    қымбаттамауына  мүмкіндік береді»,  дейді     Жезқазған  әкімдігі  жанындағы   әкімшілік  ғимараттар  кәсіпорнының  атқарушы директоры  Мұқажан   Айдарханов.

 Қазір Жезқазғанда екі әлеуметтік павильон  жұмыс істеуде.  Алдағы  уақытта      тағы үшеуін ашу жоспарлануда.