12:14, 05 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Жезқазғанда автобус аударылып, жүргізуші қаза тапты
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазғанда Холмецкий атындағы көшедегі айналма жолда «КАВЗ» автобусы аударылды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жол апаты жұма күні сағат 5.10-да болған. 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.