Жезқазғанда «Балмағамбет Балқыбайұлы және Қазақстандағы рухани дәстүр сабақтастығы» атты республикалық конференция өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірдің 22-де Жезқазған қаласында «Балмағамбет Балқыбайұлы және Қазақстандағы рухани дәстүр сабақтастығы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,

Жезқазғанда «Балмағамбет Балқыбайұлы  және Қазақстандағы рухани дәстүр сабақтастығы» атты республикалық конференция өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастыру алқасына сілтеме жасап. Конференция Орталық Қазақстан өңірінің азаматы, дін ғұламасы, ойшыл, халық арасында «Сармолда» деген атпен танымал Балмағамбет Балқыбайұлының ілімін зерделеуге арналған. Ғылыми жиынның басты мақсаты ? Балмағамбет Балқыбайұлы сияқты тұлғалардың тың еңбектері арқылы ұлтымыздың асыл мұрасы, сарқылмас рухани қазынасы, қазақ сахарасында жайылған рухани ілімдердің мәдениетімізді қалыптастырудағы рөлі мен маңызын көрсетіп, төл мәдениетімізді нығайту және келешек ұрпақтың пайдасына жарату. Конференция жұмысы: «Балмағамбет Балқыбайұлының рухани-ағартушылық қызметі», «Қазақ даласындағы діни ғұламалардың рөлі», «Қазақстандағы рухани тұлғалар және дәстүрлі мәдениет», «Балмағамбет Балқыбайұлы және әдеби дәстүр сабақтастығы» деген тақырыптар бойынша жүреді.