Жезқазғанда фермерлерге жер телімдері жалға беріледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөнінде байқау жариялады, деп хабаралйды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

Жезқазғанда фермерлерге жер телімдері жалға беріледі

Әр өтінімде бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны көрсетілуі тиіс.

Екінші назар аутарар жайт - шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Жер телімдерінің (жайылымдар мен алқаптар) тізімімен, сондай-ақ байқаудың өткізілу тәртібімен және шарттарымен келесі сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: https://jezkazgan.gov.kz/kz/4072.html.