Жезқазғанда «Қазақмыстың» жұмысшысы мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазғанда өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан «Қазақмыс» компаниясының жұмысшысы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Қазақмыс» компаниясы 21 ақпан күні Жезқазғандағы №№ 1, 2, 3 байыту фабрикаларының аумағында болған жазатайым оқиға туралы азалы түрде хабарлайды. Орталық қоймадан материалдар жеткізу тапсырмасын орындау кезінде 1994 жылы туған жұмысшы кабель барабанын қосалқы станцияның гаражына кіргізіп жатқанда жарақат алды», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен жұмысшы Жезқазған қаласының медицина орталығына жеткізілген, өкінішке қарай, ота жасалған соң, ауыр жарақаттардың салдарынан қайтыс болды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеп-тексеру жөнінде арнайы комиссия жасақталды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығы мен еңбек ұжымы қайтыс болған жұмысшының туыстары мен жақындарына, қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Соңғы жаңалықтар