Жезқазғанда қоғамдық орынды ластағандарға бақылау күшеюде
АСТАНА. KAZINFORM — Жезқазғанда қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 916 бейнекамера қосылған. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімдігі мәлімдеді.
Бұл техникалық құралдар заңбұзушылықтарды анықтау және олармен күресуге үлкен мүмкіндік береді.
Полиция басқармасы жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен қоғамдық орындарды ластаған азаматтарды анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде қоғамдық орынды ластаған 495 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Сонымен қатар, жол ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты да шаралар қабылдауда. Бүгінгі күнге дейін 900-ден астам көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған», — делінген әкімдік хабарламасында.
Бұған дейін жезқазғандық білім бөлімі бірнеше балабақшаның тиісті қаржысын төлемегені анықталды.