Жезқазғанда көпқабатты екі тұрғын үйдің құрылысы басталды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласында көпқабатты екі тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазғанда көпқабатты екі тұрғын үйдің құрылысы басталды

Жезқазған қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты екі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сәтбаев көшесінде салынғалы жатқан төрт қабатты 36 пәтерлі үйдің құрылысына 307,6 миллион теңге қарастырылған. Оның 276,9 миллион теңгесі республикалық, 30,8 миллионы облыстық бюджеттен бөлініп отыр. Құрылыс аяқталған соң, аталған үй кезекте тұрған тұрғындарға арендалық баспана ретінде беріледі.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша Гагарин көшесінде бой көтеретін келесі бесі қабатты 30 пәтерлі үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 274,4 миллион теңге бөлінген. Бұл үйді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары ала алады. Екі нысанда да құрылыс жүргізуші бас мердігер - «Астра Сервис плюс» ЖШС.
null 

«Бұл үйлердің құрылысына қаражат жеткілікті деңгейде бөлініп отыр. Бүгінде қажетті процедуралардың барлығы өз ретімен жүріп жатыр. Құрылысқа қажет мамандар жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар тізімінде тұрған азаматтар қатарынан алынатын болады. Ең бастысы құрылысты белгіленген мерзімде аяқтап, баспанаға мұқтаж тұрғындарға тапсыру», - дейді құрылыс алаңына барып, ондағы жұмыс барысымен танысқан Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов.

Жоспар бойынша аталған үйлердің құрылысы биыл желтоқсан айында аяқталмақ.

null null

Дархан Мұқанов