Жезқазғанда мектеп түлегі өлі күйінде табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазған көшелерінің бірінен 18 жастағы мектеп түлегінің денесі табылды. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазғанда мектеп түлегі өлі күйінде табылды

«2018 жылдың 16 маусымы күні полиция қызметкерлері Жезқазған көшелерінің бірінен жас жігіттің мәйітін тапты. Оның тұлғасы анықталды. Ол - 2000 жылы туған Жезқазған тұрғыны болып шықты. Күдікті ретінде 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол жәбірленушіге өзара кикілжің барысында дене жарақаттарын салғанын мойындады», - деп мәлімдеді облыстық ІІД-ден.

Ұсталған күдіктіге қатысты «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының («Адам өлтіру») 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар белгіленді.