Жезқазғанда мемлекеттік қызметші мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланды
Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері департаменті Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында хабарланғандай, Жезқазғанда шенеунікті Жезқазған ІІБ жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция қызметкерлері жолда тоқтатқан. Сараптама Асыл Әлсейітовтың «Ауди А-6» көлігін жеңіл деңгейдегі мас күйінде жүргізгенін көрсеткен.
Шенеунік «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 608-бабы, яғни мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұдан бөлек ол мемлекеттік қызмет желісі бойынша тәртіптік жазаға тартылды.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері департаменті Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері Қарағанды облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығына Асыл Әлсейітовке қатаң сөгіс жариялауды ұсынды.