Жезқазғанда пәтерден ер адамның денесі табылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қаласының тәртіп сақшылары 45 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Марқұмның денесіндегі белгілер бойынша, ол зорлық-зомбылықтан қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазғанда пәтерден ер адамның денесі табылды

7 маусым күні Жезқазған қаласының Гагарин көшесіндегі пәтерлердің бірінде полиция қызметкерлері 45 жастағы қала тұрғынының денесін тапты.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы күдіктіні анықтады. Ол осы қылмысты жасағанын мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл тұрмыстық жанжал болды ма, әлде күдікті қылмысқа басқа себептермен барды ма - оны тәртіп сақшылары анықтап жатыр. Ал әзірге қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.