Жезқазғанда сайлаушылар арасында қарттар белсенділігі жоғары

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған қаласында 33 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Электорат арасында қариялардың да белсенділігі жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 59 241 тұрғын сайлау құқығына ие. Олардың 15,5 пайызын жасы 60-тан асқан сайлаушылар құрайды. Жалпы, зейнет жасындағы 14 220 адам дауыс беретіні күтілуде.

92 жастағы Ордубаев Егімбай ақсақал Кеңгір ауылындағы №237 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Бүгінгі сайлауға қатысып, дауыс бергеніме қуаныштымын. Еліміздің болашағына үлкен сеніммен қараймын. Жастарымызға «Тек алға!» дегім келеді. Қазақстанымыз гүлдене берсін», - деп батасын берді Егімбай ата.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаскеде ашылды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 16.00-дегі мәліметі бойынша, Ұлытау облысында халықтың 72,75 пайызы дауыс беріп үлгерді. Яғни Ұлытау өңірі электораты белсенді 9 өңірдің қатарында.


Соңғы жаңалықтар