Жезқазғандағы Анненская кенішінде апат болып, бір жұмысшы қаза тапты

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Шығыс Жезқазған кенішіндегі Анненская шахтасында қайғылы оқиға болды. Бұл туралы туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

шахта
Фото: Kazinform

— Өндірістік апат салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұсақтағыш қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, — делінген хабарламада.

Қазақмыс басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтатыны жазылған.

— Қаза болған жұмысшының отбасына барлық қажетті көмек, ұжымдық шартта қарастырылған төлемдер, оның ішінде жерлеу шығындары көрсетіледі, — деп жазды компания. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында екі қызметкер қаза тапқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар