Жезқазғандағы музыкалық колледждің шатырын жел жұлып әкетті

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Жезқазғанда аумағы 400-500 шаршы метр ғимараттың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезқазғандағы музыкалық колледждің шатырын жел жұлып әкетті
Видеодан алынған кадр

«26 маусым күні сағат 16:25-те Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Күштер мен құралдарды басқару орталығының 112 диспетчерлік пунктіне Жезқазған қаласы, Байқоңыр көшесі, 17-үйге қатты желдің салдарынан залал келгені туралы хабарлама түсті. Жезқазған музыкалық колледжі ғимаратының шатыры жартылай бүлінген. 400-500 шаршы метр аумақты алып жатқан ғимараттың шатыры ұшып кеткен», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ деп қосты.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сол күні Жезқазған қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барған.