Жезқазғандағы өрт бір әйелдің өмірін қиып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт Жезқазғандағы 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінен шыққан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қарағанды облысының ТЖД сілтеме жасап.
«Өрт екінші қабаттағы пәтерден шықты. Үйдегі заттар мен жиһаздар жанды. Жалын тиген аумақтың жалпы көлемі 10 шаршы метр. 17 адам құтқарылды, оның ішінде 7 бала бар. 33 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Пәтерден 1988 жылы туылған әйелдің мәйіті табылды. Бастапқы нұсқаларға сәйкес, өрттің себебі темекіден болуы мүмкін»,-деп жазылған хабарламада.
Өртті өшіруге ТЖД күштерінің 4 техникасы мен 13 адамы жұмылдырылды.
Көрнекі фотосурет