Жезқазғандық баланың даусын Димаш пен Витасқа ұқсатуда

Роликті ztb_video қолданушысы жариялады. «Димаш пен Витастан кем емес. Жезқазғандық Мәди», - делінген жазбада. Видеода жас бала Витастың репертуарындағы «Опера №2» әнінің бір шумағы мен қайырмасын шырқайды. Осы уақытта ролик 184 мың рет қаралып, оған 2 мыңнан астам пікір қалдырылды.
Еске салайық, қазақстандық Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» байқауының екінші кезеңінде ресейлік орындаушы Витасты барша әлемге танытқан «Опера №2» әнін орындап, 1-орын иеленді. Әнді Витастың дауысынан 4 модуляциямен екі тон жоғары орындаған Димаштың шеберлігіне көрермендер ғана емес, жобаға қатысушы әншілердің өзі таңданыстарын жасыра алмады.
Кейін Витастың продюсері Сергей Пудовкин Қытай телеарнасына хат жазып, Димаш Құдайбергеннің «Опера 2»-ні айтқаны үшін наразылық білдірді. Ал Витас болса, өз әнінің орындалуына байланысты туған дауға қатысты әлеуметтік желіде мәлімдеме жаса ды.
Не хуже Димаша и Витаса 👏 Мади из Жезказгана