ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» алғашқы ойынды үйде өткізеді

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубының алғашқы ойыны өтеді. Өскемен қаласының командасы өз жерінде «Ариаданы» қабылдайды.

ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» алғашқы ойынды үйде өткізеді
Бұған дейінгі чемпионатта «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері барлығы 84 ұпай жинап, жалпы кестеде 14 орынға ие болған. Сол кезде Өскемен қаласының хоккей клубы плей-офф сындарына да жете алмады. Ал «Ариада» (бұрыңғы «Ариада-Акпарс») плей-оффқа өткен. Алайда финалға шыға алмай, сүрініп қалды. Сондықтан осы жолы да «Қазцинк-Торпедо» үшін «Ариада» командасын жеңу оңайға соқпас. Бүгінгі ойын кешкі сағат 18:30-да басталады. Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасында Қазақстанның екі командасы өнер көрсетіп жүр. Біріншісі - Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы, екіншісі - қарағандылық «Сарыарқа» командасы.