ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Саров» командасын қабылдайды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Саров» (Ресей, Саров қаласы) командасын қабылдайды.

ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Саров» командасын қабылдайды

Айта кетейік, Өскемен қаласының хоккей клубы соңғы төрт ойында қатарынан жеңілген болатын. Екі апталық демалысқа шығардың алдында команда Қарағанды қаласының «Сарыарқасымен» кездесіп, 0:6 есебімен оңбай ұтылып қайтқан. Осылайша, Жоғары хоккей лигасының көш басында тұрған клуб бүгінде 36 ұпаймен бесінші орынға сырғып түсті. Оның бүгінгі қарсыласы - «Саровтың» да жағдайы мәз емес. Бұл команданың еншісінде 24 ұпай бар. Сондықтан ол кестенің 22-ші орнында орналасты. Жалпы, лиганың биылғы чемпионатында 26 хоккей клубы өнер көрсетіп жүр.