ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» мен «Сарыарқа» өз қарсыластарын жеңе алмады
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда «Кубань» (Ресей, Краснодар) командасына жол беріп қойды.
Бұл ойында «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері есепті бірінші болып ашып, алғашқы кезеңде 2:0 болып жеңіп жатты. Екінші кезеңде үшінші шайбаны да соқты. Алайда «Кубань» үшінші кезеңге дейін таразы басын теңестіре білді. Ал ойынның соңғы бөлімінде «Қазцинк-Торпедоның» қақпасына тағы үш шайба салып, 3:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчтан кейін Краснодар қаласының хоккей клубы ЖХЛ-дың жалпытурнирлік кестесінде бірінші орынға шықты. «Қазцинк-Торпедо» болса, үшінші орынға сырғыды.
Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы да өз алаңында қарсыластан ұтылып қалды. Команда «Спутник» құрамасынан 2:3 есебімен жеңілді.