09:25, 03 Қазан 2013 | GMT +5
ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» өз алаңында «Кристал С» командасын қабылдайды
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Ертең Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Кристал С» (Саратов) командасын қабылдайды.

Айта кеткен жөн, «Кристал С» хоккейшілері бұған дейін сегіз ойын өткізіп, соның төртеуінде жеңіске жеткен. Жалпы турнирлік кестеде команда 12-ші орында тұр. Ал «Қазцинк-Торпедо» сегіз матчтың жетеуінде қарсыласынан басым түскен болатын. «Сокол» командасына қарсы соңғы ойында ғана өскемендік клуб 0:1 есебімен жеңілді. Оның өзі буллит сериясында болды. Бүгінде «Қазцинк-Торпедоның» еншісінде 21 ұпай бар. Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде ол көш бастап келеді.