ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедоның» бүгінгі қарсыласы - «Сокол»

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда «Сокол» (Красноярск) командасымен кездеседі.

ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедоның» бүгінгі қарсыласы - «Сокол»

Осы уақытқа дейін «Сокол» хоккей клубы алты ойын өткізіп, соның екеуінде жеңіске жеткен. Оның еншісінде 7 ұпай бар. Ал Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» әзірше жеті матчтың бірде-біреуінде жеңілген емес. Бүгінде команда 20 ұпаймен Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде көш бастап тұр.