ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедоның» бүгінгі қарсыласы - «Титан»
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы аясында Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда «Титан» (Клин қаласы) командасымен кездеседі.
Айта кетейік, «Қазцинк-Торпедо» осы уақытқа дейін өткізген төрт ойында да жеңіске жетіп, оның қорытындысы бойынша 11 ұпай жинады. Қазір Өскеменнің хоккей клубы Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде көш бастап тұр. «Титан» болса, үш ойыннан кейін 5 ұпайға қол жеткізіп, 16-шы орынға жайғасты.