ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедоның» ертеңгі қарсыласы - «Ермак»

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасының ертеңгі ойындары Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы мен «Ермак» командасы арасындағы матчтан басталады.

ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедоның» ертеңгі қарсыласы - «Ермак»
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Ангарск қаласының хоккей клубы алты ойын өткізіп, соның төртеуінде ұтқан. Соның өзінде бір матчты негізгі уақытта аяқтаса, үш ойында қосымша уақыттың көмегіне жүгінуге тура келді. Осылайша, «Ермак» 9 ұпай жинап, жалпы турнирлік кестеде 12-ші орынға орналасты. Ал өсемендік «Қазцинк-Торпедо» алты ойынның барлығында жеңіске жеткен. Қазір бұл команда 17 ұпаймен 26 команданың алдын орап, жалпы турнирлік кестеде көш бастап келеді.