ЖХЛ: «Сарыарқа» фавориттерді қуып келеді

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Липецк» (Ресей, Липецк қаласы) командасын жеңді.
None
None

Бұл ойында қарсыластар есепті бірінші болып ашып, алға шықты. Дегенмен, екінші кезеңнің басында таразы басы теңесті. Есеп - 1:1. Содан бастап екі команда бір-біріне қырғидай тиіп, шабуылдарын барынша үдетті. Бірақ есеп үшінші кезеңде де өзгермеді. Овертаймда, яғни қосымша уақытта да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллит сериясында «Сарыарқаның» қақпашысы Владимир Ковач қарсыластың барлық соққыларын шебер қайтара білді. Ал Виталий Ааб шайба соғып, өз командасына жеңіс әкелді. Қорытынды есеп - 2:1. «Сарыарқа» тағы екі ұпайға қол жеткізді.

Бүгінде 20 ойыннан кейін «Сарыарқа» хоккей клубында 34 ұпай бар. Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде команда 10-шы орынға көтеріліп, фавориттерге жақындап келеді.

Соңғы жаңалықтар