ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккей клубы «Динамоны» жеңді

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо БШХ» (Мәскеу облысы, Балашиха қаласы) командасын жеңді.
None
None
Чемпионаттың басында «Сарыарқаның» салы суға кеткенін бәрі біледі. Өткен маусымның фавориті ретінде қарағандылық клуб Жоғары хоккей лигасының биылғы додасын ашу құрметіне де ие болған. Бірінші матчта ол «Братина» кубогының иегері «Тороспен» кездесіп, буллит сериясында ұтылған болатын. Содан «Сарыарқаның» жолы болмады. Команда жеті рет қатарынан жеңіліп, жалпы турнирлік кестеде ең соңғы орынға түскен еді. Ал сегізінші ойында «Рязань» командасынан 6:1 есебімен басым түсіп, еңсесі көтерілді. «Динамо БШХ» хоккей клубымен өткізген матчта да «Сарыарқаның» қарқыны барынша байқалды. Ойынның бірінші кезеңінде қарсыластың қақпасына бір шайба, ал екінші кезеңнің басында екінші шайба соғылды. Есеп - 2:0. Екінші кезеңнің соңына дейін «Динамо БШХ»-ның хоккейшілері таразы басын теңестіре білді. Алайда қарағандылық клубтың қарқынды шабуылдарына шыдай алмай, үшінші кезеңде тағы екі шайбаны жіберіп қойды. Қорытынды есеп - 4:2. Осы ойыннан кейін «Сарыарқа» тағы үш ұпайға ие болып, жалпы турнирлік кестеде 26 команданың ішінен 22-ші орынға көтеріліп отыр.
Соңғы жаңалықтар