ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккей клубы үздік бестікке енді

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Соңғы ойында Липецк қаласының құрама командасын жеңген Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы жалпытурнирлік кестеде 4-ші орынға көтерілді.

ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккей клубы үздік бестікке енді

Осымен «Сарыарқа» өз қарсыласын екінші рет жеңіп отыр. Бұл жолғы ойын да аса тартысты өтті. Матчтың бірінші кезеңінде Қарағанды қаласының хоккей клубы «Липецк» командасының қақпасына үш бірдей шайба салып, екінші кезеңнің басында 0:4 есебімен басым түсті. Үшінші кезеңге дейін қарсыластар есеп айырмасын бір шайбаға дейін жеткізе білді. Алайда таразы басын теңестіре алмады. Қорытынды есеп - 3:4.

Бұл ойыннан кейін «Сарыарқа» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 4-ші орынға көтерілді. Оның еншісінде 53 ұпай бар. Бүгін «Сарыарқа» өз алаңында Саратов қаласының «Кристалл» командасын қабылдайды.