ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккейшілері «Молот-Прикамьеден» ойсырай жеңілді
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы аясында Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда ресейлік «Молот-Прикамье» командасымен кездесіп,
0:4 есебімен ойсырай жеңілді.
Осы ойыннан кейін «Молот-Прикамье» командасы алғашқы үш ұпайына қол жеткізіп, бірден 13-ші орынға көтерілді. «Сарыарқа» хоккей клубы болса, үш ұпаймен жалпы турнирлік кестеде 16-ші орынға сырғыды. Себебі бұлар бір матчты артық ойнаған болатын.
«Сарыарқаның» келесі қарсыласы - «Южный Урал». Бұл ойын 19 қыркүйек күні Ресейдің Орск қаласында өтеді.