ЖХЛ: «Сарыарқа» командасы «Ладаны» ұтты

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында «Лада» (Тольятти) командасын қабылдап, овертаймда жеңіске жетті.

ЖХЛ: «Сарыарқа» командасы «Ладаны» ұтты
Бұл ойында қарағандылық клуб есепті бірінші болып ашса да, екінші кезеңде қарсыластар таразы басын теңестіріп, бір минуттың (!) ішінде екі бірдей шайбамен алға шықты. Есеп - 1:3. Алайда үзілістен кейін «Сарыарқа» үшінші кезеңді сәтті бастап, таразы басын теңестіре білді. Осымен кезең аяқталып, ойын овертаймға (қосымша уақыт) ұласты. Онда «Сарыарқаның» мерейі үстем болды. Қорытынды есеп - 4:3. Бұл матчтан кейін қарағандылық клуб 17 ұпаймен жалпы турнирлік кестенің 18-ші орнына көтерілді. Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген екінші қазақстандық команда - «Қазцинк-Торпедо» да овертаймға жетіп, «Спутник» (Нижний Тагил) командасына 1:2 есебімен жол беріп қойды. Соған қарамастан, Өскемен қаласының хоккей клубы 33 ұпаймен жалпы турнирлік кестеде көш бастап тұр.