ЖХЛ: «Сарыарқа» лиганың фавориті - «Кубань» командасын жеңді

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Кубань» (Краснодар) командасын тізе бүктірді.
None
None
Бүгінде Краснодар қаласының хоккей клубы Жоғары хоккей лигасының фавориті болып саналады. Лиганың жалпы турнирлік кестесінде ол 20 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал осы матчқа дейін «Сарыарқа» бес рет қатарынан ұтылып, үш-ақ рет жеңіске жеткен болатын. Команда турнирлік кестенің ең соңғы орнына түсіп, аутсайдерлер қатарында да болды. Соған қарамастан, қарағандылық клуб осы жолы нағыз батылдық танытып, лиганың фавориті - «Кубань» командасын тізе бүктірді. Бұл матч аса тартысты өтті. «Сарыарқа» есепті бірінші болып ашқанымен қарсыластар таразы басын теңестіре білді. Ал екінші кезеңнің басында «Кубань» алға шықты. Дегенмен, қарағандылық клуб жанкүйерлерін жерге қаратпады. Есеп теңесті - 2:2. Алты минуттың ішінде қарсыластар екі бірдей шайбамен тағы да алға шықты. Бірақ үшінші кезеңнің алғашқы минуттарында «Сарыарқа» есепті теңестіріп кетті. Ал ойынның аяқталуына он минут қалған кезде қарсыластар қақпашысы қапы қалды. Есеп - 5:4. Осыдан кейін «Кубань» есесін қайтарып, ойынды қосымша уақытқа ұластыруға барынша тырысты. Алайда дегеніне жете алмады. Бұл мачта «Сарыарқаның» мерейі үстем болды. Бүгінде «Сарыарқа» жалпы турнирлік кестеде жоғары қарай көтеріліп келеді. Соңғы ойыннан кейін ол тағы үш ұпайға қол жеткізіп, 12 ұпаймен 20-шы орынға шықты.
Соңғы жаңалықтар