ЖХЛ: «Сарыарқа» мен «Торос» арасындағы соңғы ойын Қарағандыда өтеді

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Торос» (Нефтекамск) командасымен алтыншы рет кездесіп, «Братина» кубогы үшін болып жатқан тартыста таразы басын теңестіре білді.
None
None

Кешегі матч «Сарыарқа» клубы үшін аса жауапты болатын. Себебі «Торос» командасына бір-ақ жеңіс қажет еді. Дегенмен, «Сарыарқа» жалпы есепті теңестіре білді. Нефтекамск қаласында өткен ойында қарсыластар бірінші болып есеп ашса да, матчтың он алтыншы минутында Алексей Косоуров таразы басын теңестіре алды. Араға екі минут салып, Александр Васильев «Сарыарқаны» алға шығарды. Есеп - 2:1. Ойынның екінші кезеңінде қарсыластар бір шайба соғып, есепті 2:2-ге жеткізді. Ал үшінші кезеңде Дмитрий Цыбин «Торос» қақпашысын қапы қалдырып, үшінші шайбаның авторы атанды. Осыдан кейін «Торос» қанша тырысқанымен, есепті өзгерте алмады. Ойын 3:2 есебімен «Сарыарқаның» пайдасына шешілді. Ал алты кездесудің қорытынды есебі - 3:3. Соңғы жетінші ойын ертең, 30 сәуір күні «Қарағанды-арена» стадионында өтеді.

Соңғы жаңалықтар