ЖХЛ: «Сарыарқа» сырт алаңда «Молот-Прикамье» командасымен кездеседі
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы аясында Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы ресейлік «Молот-Прикамье» командасымен кездеседі.
Бұл матч Пермь қаласында өтеді.
«Молот-Прикамье» бұған дейін бір ойын өткізіп, «Челмет» командасынан 1:4 есебімен ұтылған болатын. Қазір оның еншісінде ұпай жоқ.
Қарағанды қаласының хоккей клубы болса, екі матчта үш ұпай жинап, жалпы турнирлік кестеде 12-ші орында келеді.