ЖХЛ: «Сарыарқа» тағы да ұтылды
АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы аясында Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда ресейлік «Челмет» (Челябі) командасымен кездесіп,
төртінші рет ұтылды.
Бұл ойын 1:2 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді. Ал, оған дейін «Сарыарқа» хоккей клубы «Торосқа» (3:4 (Б), «Молот-Прикамье» (0:4) мен «Южный Уралға» (2:3) жол беріп қойған болатын. Қазір қарағандылық клуб көш соңында келеді. Жалпы турнирлік кестеде ол үш-ақ ұпаймен 24-ші орында (лигада 26 команда бар) тұр.
Айта кетейік, өткен маусымда «Сарыарқа» барлық сындардан сүрінбей өтіп, финалға жеткен болатын. Оның хоккейшілеріне көптеген бапкерлер қызығып, соңғы маусым аяқталған бойда өздеріне тартып алды. Содан да болар, қарағандылық құрама осы жолғы чемпионатта ойдағыдай өнер көрсетпей жүр.