ЖХЛ: «Сарыарқаның» бүгінгі қарсыласы - «Буран»
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Буран» (Ресей, Воронеж) командасымен кездеседі.
Айта кетейік, осы уақытқа бұл екі команда 20 матч өткізді. Соның нәтижесі бойынша «Сарыарқа» барлығы 34 ұпай жинап, жалпытурнирлік кестеде 10-орында орналасты. Ал оның бүгінгі қарсыласы - «Буранда» 39 ұпай бар. Қазіргі кезде Воронеж қаласының хоккей клубы лиганың жалпытурнирлік кестесінде 4-орында келеді.