ЖИ мамандарын даярлау үшін 12 шетелдік ЖОО тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау үшін 12 шетелдік жоғары оқу орны тартылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтып берді.

Қытайда жасанды интеллектіні стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылды
Фото: Midjourney

Оның айтуынша, цифрлық мемлекетке көшу жағдайында цифрландыру және ЖИ-ді енгізу үшін жоғары білікті кадрлар қажет.

– Осы мәселені шешу үшін экономиканың трансформациясы кадрларды жедел даярлауды талап ететін салаларға әлемнің жетекші университеттері тартылып жатыр. Жалпы, ЖИ саласында кадр даярлауға 12 шетелдік жоғары оқу орны қатысады, – деді Г.Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул техникалық университетімен бірлесіп, ЖИ және информатика жоғары мектебі ашылды. Сондай-ақ Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында City University of Hong Kong филиалы жасанды интеллект бойынша қос дипломды бағдарламалар іске қосылды.

Сонымен бірге, Қазақстанда үш «Лу Бань шеберханасы» құрылып жатыр. Біріншісі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында ашылды. Екіншісі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында, үшіншісі М.Тынышпаев атындағы Логистика және көлік академиясында орналасқан.

Айта кетейік, OpenAI Қазақстанның 165 мың педагогіне тегін лицензия беретін болды.

Сондай-ақ Қазақстанда 385 мамандық жойылып барады.

Соңғы жаңалықтар