Жібек Құламбаева Астанадағы жарыстың ширек финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Астанада өтіп жатқан «ITF World Tennis Tour BeeTV 60 Women's» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жібек Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген беларусьтік Ирина Шиманович - ресейлік Екатерина Яшинамен шеберлік байқасты.

Жібек пен Мартина 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Олар жартылай финалға шығу үшін нидерландылықтар Жасмин Гимбрере - Бибиана Схуфспен таласады.

Гөзал Айнитдинова мен ресейлік Татьяна Прозорова доданың төртінші ракеткалары Моюке Учиджиме - Вонг Хонг Юға жол берді - 2:6, 6:7 (2:7).

Болашағынан мол үміт күттіретін Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай ресейліктер Екатерина Макарова - Анастасия Захаровадан ұтылды - 2:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ-та өтетін Индиан-Уэллс турнирінің жеребесі тартылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Мексика турнирінде жарыстың екінші ракеткасын жеңді.


Соңғы жаңалықтар