Жібек Құламбаева Астанадағы жарыстың жартылай финалына шықты

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 60 Women's» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге ширек финалда нидерландықтар Жасмин Гимбрере - Бибиана Схуфсты 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Жібек пен Мартина финалға шығу үшін ресейліктер Полина Кудерметова - Анастасия Тихонова немесе жапониялық Моюка Учиджима - гонконгтық Вонг Гонг Ю жұптарының қай жеңгенімен таласады.



«Ойын оңай болған жоқ. Әсіресе, екі сеттің соңында тәуекелге баруға тура келді. Жартылай финал да қиынға түсетіні анық. Астанадағы додадан кейін Джакартаға жол тартып, ITF W25 сериясында өтетін екі жарысқа қатыспақшымын», деді Жібек Құламбаева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Индиан-Уэллс мастерс турнирінде жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Ақтөбеде 19 жастағы қазақстандық теннисші ширек финалға шықты.




Соңғы жаңалықтар