Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева Шымкентте ITF сериясы бойынша өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, әлемнің 489-ракеткасы Ж.Құламбаева жекелей сында екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 1142-орында тұрған ресейлік Мария Крупенинамен кездесті.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Ж.Құламбаева жұптық сында осы жарыстың жартылай финалына да өтті. Ол ресейлік Анастасич Сухотинамен бірге ширек финалда ресейлік Елизавета Шебекина – белоруссиялық Ксения Ерштан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.

Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев Тунисте өтіп жатқан ITF M15 жарысының ширек финалына шықты. Ол екінші айналымда франциялық Мартин Брейсахты жолдан тайдырды – 6:4, 4:6, 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Ыстанбұл турнирінің ширек финалына шыққанын, Елена Рыбакинаның тартысты матчта әлемнің үшінші ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.