«Жібек жолы-2016»: Балқаш маңындағы трассада француздық раллиге қатысушының көлігі алты рет аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Silk Way Rally ралли-марафонының бесінші кезеңі күрделі болды. 562 километр арнайы учаске, 36 градус ыстық пен жергілікті жағдай көптеген қатысушыларды жарыс жолынан шығарды, деп хабарлады қазақстандық MobilEx Racing командасының баспасөз қызметінен.
None
None

Жарыс лидері, француздық раллиге қатысушы Стефан Петрансель апатқа ұшыраған.

«Алдыңғы доңғалағы шұңқырға сәтсіз түсіп кетіп, Петрансельдің Peugeot алты рет аударылды. Абырой болғанда, Стефан мен оның штурманы Жан-Поль Коттрет жапа шекпеді, олар жарысты жалғастыруы мүмкін», - деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен.

Қазақстандық экипаждар жарысты жалғастырып жатыр.    MobilEx Racing Team командасының №120 экипажы Юрий Сазонов пен Виталий Евтехов  Т1 санатында сегізінші болып мәреге жетті.

Жалғыз француз жүргізушісі ғана емес, сонымен қатар  №137 экипаж - Ерден Шәгіров пен Виталий Евтеховтың Hummer H3 Evo VIII  артқы доңғалағының күпшегі алынып қалды. Олар жарысты жалғастыра алмады. 

Соңғы жаңалықтар