Жібек жолы -2016: Раллиге қатысушылар Астанадағы жанкүйерлерімен жолығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жібек жолы - 2016» ралли жарысының үшінші кезеңінде Айдын Рақымбаев пен Бауыржан Исабаева басқарған MINI автомобиліндегі Астана президенттік клубының экипажы алтыншы болып мәре сызығын кесіп өтті. Жарысқа қатысушылар Бүгін кешке Қостанайдан Астанаға жетеді.
None
None

«Уфа-Қостанай .. 6-шы болып мәре сызығын кесіп өттік! Екі мәрте бағытымыздан жаңылып қалдық, бір рет жолдан секіріп кеттік, алайда машина шыдас берді! Ертең Астанаға бет аламыз, 750 км... Жарыс көліктері мен жарысқа қатысушыларды көргісі келетіндерді кешке 20:30-дан кейін Бәйтеректің жанына шақырамыз, онда Дакардың танымал қатысушылары болады!», - деп жазды 11 шілдеде Айдын Рақымбаев Фейсбуктегі парақшасында. 

Астана әкімі Әсет Исекешев қазақстандық спортшының жазбасына пікір қалдырып: «Сәттілік тілеймін! Ертең Астанада жарысқа қатысуышларды қарсы аламыз!», деп жазды.

Еске сала кетсек, «Жібек жолы - 2016» раллиі Жібек жолы бағдарымен өтеді, әрі Ресей, Қазақстан, Қытай елдерінің таулы, шөлді, далалы жерлеріндегі 10 мың шақырымнан астам жолымен жүріп өтеді.
Қазақстанда «Жібек жолы - 2016» раллиі бағдары 3000 шақырымға созылып жатыр, ол Қостанай, Астана, Балқаш, Алматы бағытымен өтеді.

«Жібек жолы - 2016» раллиінің Қазақстандағы маршруты:

11 шілде, 3-ші кезең: Уфа - Қостанай
12 шілде, 4-ші кезең: Қостанай - Астана
13 шілде, 5-ші кезең: Астана - Балқаш
14 шілде, 6-ші кезең: Балқаш - Алматы
15 шілде, Тынығатын күн
16 шілде, 7-ші кезең: Алматы - Бортала

 

Соңғы жаңалықтар