«Жібек жолы - 2017» ралли қатысушылары астаналықтармен жарысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ралли қатысушыларын елордалықтар"Хан Шатыр" ойын-сайық орталығы алдындағы алаңда қарсы алды. Қалада көлік кептелісі туындамас үшін жүк көліктері, жол талғамайтын көліктер, барлығы 60-тан астам қатысушы бір-бірлеп келді. 
None
None

Жол-жөнекей астаналықтармен де жарысып көрді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кеткен жөн, "Жібек жолы - 2017" ралли қатысушылары ішінде Қазақстанның екі экипажы да бар. Олар - Aktau Motosport және Astana Motosport. Ақтаулықтар Кирилл Черненков мен Алексей Мун жол талғамайтын көлікпен жүрсе, астаналық Артур Ардавичус жүк көліктерінің жарысына қатысуда.

null null null null null 

Биылғы ралли 7 шілде күні Мәскеу қаласында басталған болатын. Астанадан кейін жарыс қатысушылары Семей мен Үржар арқылы Қытайға өтіп кетеді. Ал 22 шілдеде Сиань қаласында жеңімпаздар анықталады. "Жібек жолы - 2017" раллиіне 35 елдің 90 экипажы қатысуда. Олардың құрамында 41 жол талғамайтын көлік пен 21 жүк көлігі бар. Жарысты 196 мемлекетте 55 ірі бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіп жатыр.

null 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, "Жібек жолы - 2017" xалықаралық ралли жарысы арқылы Қазақстанның имиджін көтеруге зор мүмкіндік бар. Ал аталған шараның ЭКСПО-2017 көрмесіне тұспа-тұс келгені жайдан-жай емес. "Сөз жоқ, бұндай жарыстардың арқасында үш мемлекеттің арасындағы байланыстар күшейе түседі. Осы орайда ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтқымыз келіп отыр. Өйткені біз аталған жарыс ЭКСПО-ға сәйкес келсе екен деп, өтініш айтқанда олар біздің бастамамызды бірден қолдады. Ресей де, Қытай жақ та жарыс қатысушылары Астана арқылы жаздың тап ортасында өтетіндей етіп, барын салды. Осының өзі өзара құрмет пен сыйластықтың көрінісі болса керек. Сосын бұл раллиге бүкіл әлем көз тігіп отыр. Енді, ол арқылы Қазақстан кеңінен танылады деп сенеміз", - дейді Мұxамедиұлы. Министр де бүгін қарсы алу рәсіміне қатысып, өз тілегін жеткізді.

null null null null null 

Айта кетейік,  "Жібек жолы - 2017" xалықаралық раллиі ұзақтығы жағынан ең үлкен бәсеке болып саналады. Оның ұзындығы - 9 599 шақырым.

null null 

Соңғы жаңалықтар