«Жібек жолы - 2017» раллиі: Артур Ардавичустың көлігі өртеніп кете жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жібек жолы  - 2017»  Халықаралық ралли жарысының бесінші кезеңі аяқтады. «Астана - Семей» учаскесін еңсерген автошабандоздар біраз қиыншылықтарға тап болды. Жүк көліктері санатындағы «Astana Motosport» экипажы да әуреге түсті. Акселератордың педалі істемей қалып, доңғалағын өрт шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null

«Бұл жарыста автошабандоздар барын салды. Бір-бірімізді қуып жету мүмкін болмады. Шынын айту керек, біз бір-бірімізді көрмей келдік. Сосын біраз қиыншылықтар болдық. Мәселен, бізде акселератор педалі істемей қалды. Қай жылдамдықты қоссақ та, қозғалтқыш максималды айналымда істей берді. Сөйтіп, жүк көлігіміз жұлқып-жұлқып жүрді.Тежегішті басып отыруға тура келді. Соның салдарына тешегіш қалыптары қыза берді»,- дейді «Astana Motosport» экипажының капитаны Артур Ардавичус.

null

Оның айтуынша, көлік дұрыс істемегеннен кейін тоқтауға тура келді. Сол кезде Ардавичус артқы сол жақ доңғалақтан түтіннің шығып жатқанын байқады. «Қарасам, тежегіш дискісі менсуппорт арасында тұрып қалған құрғақ шөп түтіндеп жатыр. Оны таяқпен шұқып көріп едім, лап ете түсті. Қайта өртті өшіріп үлгердік. Сосын артқы оң жақ доңғалақ та істен шықты. Суппорт шашылып қалды», - деп атап көрсетті Ардавичус.

null

Айта кеткен жөн, «Астана-Семей» учаскесінде «Astana Motosport» экипажы жарысты он бірінші орында аяқтады. Ал жалпы марафонда бесінші орында келеді. 

null

Биылғы «Жібек жолы - 2017» Халықаралық раллиі 7 шілде күні Мәскеу қаласында басталған болатын . Астанадан кейін жарыс қатысушылары Семей мен Үржар арқылы Қытайға өтіп кетеді. Ал 22 шілдеде Сиань қаласында жеңімпаздар анықталады. "Жібек жолы - 2017" раллиіне 35 елдің 90 экипажы қатысуда. Олардың құрамында 41 жол талғамайтын көлік пен 21 жүк көлігі бар. Жарысты 196 мемлекетте 55 ірі бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіп жатыр.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар